СИПАТТАМА
Flipper қабырғаға орнатылатын тіс щеткасы ұстағыш-қаптамалары — щеткаларды таза ұстаудың тамаша тәсілі. Пластик қаптама тіс щеткасын сақтауға, тасымалдауға және ауыз қуысының түрлі ауруларына себеп болуы мүмкін бактериялардан, шаңнан және басқа бөгде бөлшектерден қорғауға арналған.
Көңілді үкі пішінді ұстағыш күн сайын таңертең балалар мен ата-аналарын жуынатын бөлмеде бірінші қарсы алып, бүкіл отбасына жақсы көңіл күй сыйлайды.
- Кіріктірілген таймері бар — 1 минуттық құм сағаты. Іске қосу үшін оны аудару жеткілікті.
- Барлық стандартты өлшемді тіс щеткаларына жарайды.
- Жармаларының патенттелген ашылу және жабылу механизмі бар қаптама.
- Тіс щеткасының кебуіне мүмкіндік беретін дұрыс желдетуді қамтамасыз етеді.
- 2 силикон сорғышпен таза әйнек/айна бетіне оңай бекітіледі.
- Ұстағыш рұқсат етілген жоғары сапалы материалдардан жасалған, фталаттарсыз және барлық халықаралық қауіпсіздік стандарттарына сай.
- Бірнеше түсте қолжетімді (жасыл, қызыл және көгілдір).
ҰСЫНЫМДАР
Қаптаманы айына кемінде бір рет жуу керек.
ҚОЛДАНУ НҰСҚАУЛЫҒЫ
Қаптама 2 сорғышпен айна, әйнек, кафель сияқты тегіс бетке бекітіледі. Бекітпес бұрын сорғыштарды ыстық сумен (қайнаған сумен емес!) сулап, бірден қажетті жерге басыңыз.






