Revyline Crystal «Қарбыз» ферментті тіс пастасы шырынды қарбыздың дәмі мен үшқаттың нәзік кермектігін үйлестіреді. Энзимдер немесе ферменттер — жұмсақ қақты ыдыратып, бактериялар белсенділігін төмендететін, эмальды нығайтып, жұмсақ ағартатын биологиялық белсенді заттар. Пастаны тұрақты қолданғанда эмаль ағарып, стоматологиялық аурулар қаупі төмендейді.
Негізгі құрамында:
Наногидроксиапатиттің бөлшектері гидроксиапатитке қарағанда ұсақ, биологиялық белсенділігі жоғары. Кіреуке құрылымына тереңірек енеді. Нанобөлшектер микрожамау сияқты кіреукемен берік байланысып, іштен қалпына келтіреді және тіс бетінде тамақтан кейін шайылмайтын қорғаныш қабат түзеді. Наногидроксиапатит кіреукенің қажалуын болдырмайды, тіс сезімталдығын төмендетеді, тісжегіден сенімді қорғайды және реминералдану әсерін ұзақ сақтайды.
Ксилит те реминералдануға қатысып, тісжегі тудыратын бактериялармен тиімді күреседі.
Кремний диоксиді пигменттелген қақты кетіреді.
Өсімдік ферменттері (энзимдері) папаин мен бромелайн қақтың ыдырауына көмектеседі.
Натрий фитаты көпіршік түзуге қатысады, бактерияға қарсы қасиеті бар және қышқыл-сілті тепе-теңдігін сақтайды.
Қарбыз сығындысы пастаның дәмі мен хош иісін жақсартып, тынысты сергітеді.
Ұшқат сығындысы бактерияға қарсы әсер етіп, қызыл иекті нығайтады.
Қолдану нұсқаулығы
Щеткаға кішкене бұршақтай паста жағыңыз.
Тістерді 2 минут тазалаңыз.
Аузыңызды сумен шайыңыз.
Стоматологтердің мына кеңестерін де сақтау ұсынылады:
Жоғары-төмен қимылдарды қолданыңыз.
Тіс аралықтарын мұқият тазалаңыз.
Үстіңгі жақтан бастап, төменгі жаққа біртіндеп ауысыңыз.
Стоматологтер Revyline таңдайды!
Revyline тіс пасталарының тиімділігі Сеченов университетінің клиникалық зерттеуімен расталған: тазалау, тіс сезімталдығын азайту, пигментті қақты азайту және эмальды ағарту.
Тауарды Н.И. Пирогов атындағы Ресей медицина университеті және Тәуелсіз пародонтологтер қауымдастығы (НАП) мақұлдаған.
Кәсіби ортада сенімге ие бренд:
Бренд өнімдері стоматологтердің қатысуымен жасалады және мамандардың ұсынысына ие.
Біз Ресейде және басқа елдерде ондаған мың дәрігермен және мыңдаған клиникамен жұмыс істейміз.
Нарықта 12 жылдан астам уақыт:
Revyline — 2013 жылы тіс дәрігері құрған халықаралық компания. Бренд ересектер мен балалардың ауыз қуысы гигиенасына арналған өнімдер шығаруға маманданған.




