Revyline Perfect «Шырынды грейпфрут» жеміс-жидекті тіс пасталары желісіне кіреді. Бұл — ағартатын әсері бар премиум санатындағы өнім. Пастаны шырынды цитрус дәмі мен жеңіл сағыз хош иісі ерекшелейді, ал басты артықшылығы — мұқият таңдалған және теңдестірілген ингредиенттер құрамы.
Біріншіден, гидроксиапатит. Тіс тазалау кезінде оның кристалдары кіреукенің зақымдалған жерлеріне еніп, жарықтарды бітейді. Соның арқасында кіреуке қалпына келіп қана қоймай, ыстық, суық және қышқыл тағамға сезімталдығы азаяды.
Екіншіден, ксилит. Ол да кіреукені реминералдандыруға қатысып, тісжегі тудыратын бактериялармен тиімді күреседі. Оның паста құрамында болуы ауыз қуысы ауруларының қаупін азайтып, кіреукені қышқыл әсеріне төзімді етеді.
Үшіншіден, қақ түзілуіне жол бермейтін және тісжегіге қарсы тұратын натрий фториді. Пастадағы мөлшері — 1450 ppm.
Сондай-ақ пастада ауыз қуысының сау микрофлорасын қолдайтын пробиотиктер, кіреукені жұмсақ ағартатын натрий фитаты мен сутегі асқын тотығы, антиоксиданттық және бактерияға қарсы қасиеті бар грейпфрут жемісінің сығындысы, тынысты сергітетін мырыш цитраты бар.
Абразивтілік индексі RDA 70.
Пастаны күнделікті қолдану кіреукенің табиғи ақтығын қайтарып, жылтыр береді.
Әр пастамен бірге жапсырмалар жинағы беріледі.
Стоматологтер Revyline таңдайды!
Тауарды Н.И. Пирогов атындағы Ресей медицина университеті және Тәуелсіз пародонтологтер қауымдастығы (НАП) мақұлдаған.
Ұлттық сыйлықтың ұйымдастыру комитеті пастаны «Жыл жаңалығы» санатында «Жыл тауары» деп таныды. Revyline брендіне тұтынушылар сенетін тауар өндірушілеріне берілетін алтын жұлдыз пішініндегі беделді мүсінше табысталды.
Кәсіби ортада сенімге ие бренд:
Бренд өнімдері стоматологтердің қатысуымен жасалады және мамандардың ұсынысына ие.
Біз Ресейде және басқа елдерде ондаған мың дәрігермен және мыңдаған клиникамен жұмыс істейміз.
Нарықта 12 жылдан астам уақыт:
Revyline — 2013 жылы тіс дәрігері құрған халықаралық компания. Бренд ересектер мен балалардың ауыз қуысы гигиенасына арналған өнімдер шығаруға маманданған.






