Revyline RL 095 дыбыстық щеткасы жеті жастан бастап балаларға арналған. Қылшықтардың жоғары тербеліс жиілігі мен бастиек қозғалысының кең ауқымы баланың эмалін жарақаттамай сапалы тазалауды қамтамасыз етеді.
Щетка төрт режимде жұмыс істейді:
Sensitive — жұмсақ режим. Құрылғыға үйрену кезеңінде және тістердің сезімталдығы жоғары болғанда қолданылады. Қылшықтардың тербеліс жиілігі — минутына 16 800.
Clean — күнделікті тазалау. Тістердің барлық бетін тиімді тазалайды. Қылшықтардың тербеліс жиілігі — минутына 24 000.
White — эмальді ағарту және жылтырату режимі. Қылшықтардың тербеліс жиілігі — минутына 26 400.
Power — ең қуатты режим. Тістерді қарқынды тазалауға арналған. Қылшықтардың тербеліс жиілігі — минутына 33 240.
Щетканың дыбыстық жұмыс қағидасы кавитация әсерін тудырады: паста, сілекей және су қоспасынан көпіршіктер түзіледі. Олар жарылғанда кіреукеден қақты ажырататын соққы толқындары пайда болады.
Құрылғыны қосқанда түрлі түсті дисплейде мысықтың тұмсығы көрінеді. Төрт режимнің әрқайсысының өз индикатор түсі бар: Sensitive — жасыл, Clean — көк, White — көгілдір, Powerful — күлгін.
Щетка USB Type-C кабелі арқылы бес сағатта зарядталады. Зарядталу кезінде дисплейдегі жасыл индикатор жыпылықтайды. Щетка зарядталған соң индикатор тұрақты жанады. Қуатты аккумулятордың арқасында щетка зарядын 180 күнге дейін сақтайды.
Щетка корпусындағы түрлі түсті суреті бар ойластырылған дизайн баланы тісін тұрақты тазалауға қосымша ынталандырады. Revyline RL 095 жинағындағы жапсырмалар топтамасы да осыған көмектеседі.
Стоматологтер Revyline таңдайды!
Тауарды Н.И. Пирогов атындағы Ресей медицина университеті және Тәуелсіз пародонтологтер қауымдастығы (НАП) мақұлдаған.
Бізге сенім артуға болады:
Электр құрылғыларына 2 жыл кепілдік, бүкіл Ресей бойынша сервис орталықтары, жедел жөндеу және барлық сұрақ бойынша кеңес беру.
Кәсіби ортада сенімге ие бренд:
Бренд өнімдері стоматологтердің қатысуымен жасалады және мамандардың ұсынысына ие.
Біз Ресейде және басқа елдерде ондаған мың дәрігермен және мыңдаған клиникамен жұмыс істейміз.







