Немістің жоғары сапалы Pedex қылшықтары мен ерекше сап дизайны Crystal тіс щеткаларын айрықшалайды. Саптың иілген пішіні әдемілік үшін ғана емес, ыңғайлылық үшін де жасалған: тазалау кезінде бас бармақ бедерлі тірекке сүйеніп, щетка қолға нық ұсталады.
Щетканың қылшықтары тығыз орналасқан, ұштары жылтыратылған, бұл тіс қағын жұмсақ әрі тиімді кетіруге мүмкіндік береді.
Жұмсақ-орташа қаттылық көпшілікке жарайды.
Қолдану нұсқаулығы
Қылшықтарды сумен шайып немесе антисептикпен өңдеп, щетканы дайындаңыз.
Бұршақтай паста жағыңыз.
Ауыз қуысын ойша 4 тең бөлікке бөліңіз. Әр ширегін кезекпен 30 секунд тазалаңыз. Алдымен үстіңгі күрек тістерді, содан кейін азу тістерді тазалаңыз. Төменгі жақта осы әрекетті қайталаңыз.
Стоматологтер Revyline таңдайды!
Тауарды Н.И. Пирогов атындағы Ресей медицина университеті және Тәуелсіз пародонтологтер қауымдастығы (НАП) мақұлдаған.
Кәсіби ортада сенімге ие бренд:
Бренд өнімдері стоматологтердің қатысуымен жасалады және мамандардың ұсынысына ие.
Біз Ресейде және басқа елдерде ондаған мың дәрігермен және мыңдаған клиникамен жұмыс істейміз.
Нарықта 12 жылдан астам уақыт:
Revyline — 2013 жылы тіс дәрігері құрған халықаралық компания. Бренд ересектер мен балалардың ауыз қуысы гигиенасына арналған өнімдер шығаруға маманданған.








