Revyline Smart Total Protection тіс пастасы
Revyline Smart Total Protection пастасы стоматологтердің қатысуымен жасалған. Revyline щеткаларымен бірге қолдануға өте қолайлы.
Күнделікті қолдануға, сезімтал тістерге, винирлер, импланттар, брекеттер және басқа ортодонтиялық құрылымдар болғанда тістерді күтуге ұсынылады.
Revyline Smart Total Protection тіс пен қызыл иекке кешенді күтім береді.
Гидроксиапатит (15%) кіреукені реминералдандырады, нығайтады және жоғары сезімталдығын төмендетеді.
Аллантоин қызыл иек саулығына жақсы әсер етеді.
Ксилит тісжегі тудыратын бактериялардың көбеюіне жол бермейді.
Құрамында фтор, титан диоксиді мен SLS жоқ.
RDA (абразивтілік деңгейі) — 70. Гидроксиапатит бөлшектерінің өлшемі: D50 5–9 мкм, D98 <25 мкм. Тістеріңізді қауіпсіз тазалау және жұмсақ күту.
Концентрацияланған құрамы арқасында бір тазалауға кішкене бұршақтай пастадан артық қажет емес.
Ерекшеліктері
• Концентрат
• Кешенді күтім және тісжегіден қорғау
• Кіреукені реминералдандырады
• Тіс сезімталдығын төмендетеді
• Қызыл иектің жағдайын жақсартады
• Тынысты сергітеді
• Фторсыз
Құрамы
Aqua, Hydrated Silica, Sorbitol, Sodium Coco-Sulfate, Cellulose Gum, Hydroxyapatite, Xylitol, Aroma, Sodium Benzoate, Allantoin, Mentha Piperita (Peppermint) Oil, Potassium Sorbate, Sodium Saccharin, 2-Bromo-2-Nitropropane-1,3-Diol, Citral.

